Астана тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырды

Астана тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырды

Сейсенбі, 12 шілде күні сағат 13.30-да елорда іргесіндегі Қырқыншы стансыда жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Астана қаласының 45 жастағы тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырған.

  • 13 Шiлде 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz


ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бекітілген сот-химиялық сараптама полицияға тапсырылған зат «гашиш» есірткі заты екенін дәлелдеген. Оның салмағы 4,46 грамм. Әлгі азаматтың айтуынша, ол есірткіні стансы теміржолының жанынан 3000 теңгеге сатып алған. Полиция тексеру жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар