Астана тұрғыны қоғамдық орында темекі шеккені үшін екі күнге қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны қоғамдық орында темекі шеккені үшін екі күнге қамауға алынды

Астана тұрғыны қоғамдық орында темекі шеккені үшін екі күнге қамауға алынды

Сондай-ақ, алкогольді сусындарды ішуіне үш ай мерзімге тыйым салынды.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі бұйрығы ерекше және қатаң қадағалануда, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын орындау барысында, ұсақ бұзақылық, темекі шегу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, қоқысты бей-берекет шашу және т.б. бойынша 17460-тан астам ұсақ құқық бұзушылықты анықтады.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы учаскелік аймаққа тексеріс жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады. 1975 ж.т. азаматша Манас көшесінің бойында темекі тұқылын жерге тастап, көпшілік пайдаланатын орынды ластау арқылы төңірегіндегілерді сыйламайтынын танытқан.

Бір жылдың ішінде көпшілік пайдаланатын орынды ластап, әкімшілік құқық бұзушылықты қайталағаны үшін азаматшаға «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азаматша екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылып, алкогольді сусындарды ішуіне үш ай мерзімге тыйым салынды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық жайлы ақпаратты 102 телефон нөміріне немесе жақын учаске пунктіне хабарлауларын сұрайды.