"Құқық бұзушы өз әрекетімен қызметкердің ар-намысына нұсқан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, азаматтардың мазасын алды", — деп атап өтті сотта.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алу жазасына кесілді. Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.