Астана тұрғыны стюардессаға қырындағаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны стюардессаға қырындағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Астана тұрғыны стюардессаға қырындағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Астана тұрғыны ұшақ бортында стюардессаға қырындап тиіскені үшін әкімшілік соттың шешімімен бір тәулікке қамауға алынды деп хабарлады елорадық соттың баспасөз қызметі сәрсенбі күні.

Істің дерегі бойынша, 2016 жылы 30 желтоқсанда мас ер адам "Эйр Астана" ұшағының бортында стюардессаға тиіспек болған.

  • 8 Ақпан 2017
  • 525
Фото - Caravan.kz


"Құқық бұзушы өз әрекетімен қызметкердің ар-намысына нұсқан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, азаматтардың мазасын алды", — деп атап өтті сотта.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алу жазасына кесілді. Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.  
 

Соңғы жаңалықтар