Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Финляндияның «ХИК» командасымен кездескен елордалық команда бірінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 0:0 есебін тіркеген еді. Сөйтіп, келесі кезеңге кімнің шығатыны екінші ойында белгілі болды. Ойын барысында 0 де 2 есебімен ұтылып жатқан аяқдопшыларымыз есепті теңестіріп қана қоймай, қосымша уақыттың ең соңғы минуттарында жеңіс голын соқты. Сөйтіп, есеп 4 те 3 болды. Айта кетейік, тартысты ойында астаналықтар сапынан Твумаси, Каньяс, Шомколар мергендік танытты. Ал жеңіс голының авторы – қорғаушы Кирил Постников.