Футболдан елорданың «Астана» командасы үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бүгін Көкшетауда Қазақстан премьер-лигасы 25-турының кейінге шегерілген бір ойынына байланысты «Оқжетпес» пен «Астана» кездесті.
Солтүстікте күннің суытуына байланысты Көкшетаудағы стадионды қар басып қалған. Алаң сызықтары дұрыс көрінбейді. Соған қарамастан ойын дәл осы стадионда өтті. Қолайсыз жағдайға қарамастан екі команда ойыншылары алаңда 90 минут өнер көрсетіп шықты. Бірақ, матчта есеп ашылмады.
Бірінші кезеңнің соңғы минуттарында «Астананың» гол соғатын мүмкіндігі болған еді. Алайда, 11 метрлік пенальтиден колумбиялық легионер Рохер Каньяс мүлт кетті. Сөйтіп, екі команда тең түсті. Дегенмен, бір ұпай «Астананың» чемпион атануына жеткілікті болды. Сөйтіп, Станимир Стойлов шәкірттері чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда жеңіске жетті.
Осылайша, «Астана» үшінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып отыр. Соңғы турдағы нәтижеге қарамастан «Қайрат» күміс жүлдеге иелік етеді. Ал үшінші орынның тағдыры соңғы турда шешілмек. Қола жүлдеге, негізінен, «Ертіс» пен «Ордабасы» үмітті.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.