«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды

«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды

«Астана» велоклубының бас менеджері Джузеппе Мартинеллидің «Вуэльта» нәтижесіне көңілі толмайды. Бұл туралы ол қазақстандық команданың ресми сайтында мәлім етті.

  • 12 Қыркүйек 2011
  • 305
Фото - Caravan.kz

«Биылғы «Вуэльта» барлық қырынан қиын болды. Бастапқыда алаңдайтындай ештеңе болған жоқ, бізде көшбасшы Фредрик Кесьякофф болды және мен оның жалпы классификацияда жоғары орын алатынына сенімді едім. Алайда оның денсаулығы сыр берді. Біз кешегі күнгі кезеңде (сенбі, 20-кезең) екінші орын алып, тамаша аяқтадық. Дегенмен жасыратыны жоқ, менің көңілім толған жоқ. Алдымызда қиын маусым тұр. Енді мен өзімнің атыма түсетін сынды естуге дайынмын», — дейді Д. Мартинелли.

Айта кетейік, кеше «Вуэльта» көпкүндігі өз мәресіне жетті. Онда «Астана» сапынан ең үздік көрсеткіш көрсеткен хорватиялық Роберт Кисерловски болды. Ол көшбасшы — испандық Хуан Хосе Кободан 13 минут 27 секунд қалыс қалып, бас классификацияда 18 орын алды. Командалық есепте «Астана» клубы 22 команданың ішінен 7-ші орынды иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера