Онда 5-кезеңде де мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен «Sky Procycling» командасының спортшысы Бредли Виггинс жарыстың жалпы қорытындысында да 18:05:40 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды.
«Астана» командасының спортшыларынан 5-кезеңді бесінші болып аяқтаған Роман Кройцигер алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның командалас серіктерінен Яни Брайкович — тоғызыншы, Паоло Тиралонго — он сегізінші, Кевин Зельдреерс — қырық бесінші, Андрей Кашечкин -алпыс екінші, Евгений Петров алпыс төртінші, Андрей Гривко — сексен бірінші, Фредрик Кессякофф — сексен сегізінші орындарға ие болды.