«Астана» велокомандасы Джиро Д-Италия көпкүндігіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велокомандасы Джиро Д-Италия көпкүндігіне қатысады

«Астана» велокомандасы Джиро Д-Италия көпкүндігіне қатысады

5 мамырда Данияның Хеминге қаласында велоспорттан Джиро Д-Италия көпкүндігі басталады. Биылғы маусымдағы алғашқы үлкен жарысқа «Астана» командасы да қатысады, деп хабарлайды caspionet.kz.

  • 4 Мамыр 2012
  • 384
Фото - Caravan.kz


Жалпы есепте бас жүлдеге таласатын отандық велокоманда Италия тас жолдарында кімдердің бәсекеге түсетінін жариялады. Былтыр осы көпкүндікте 25 жасқа дейінгі жастар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Роман Кройцигер ақ жейдеге ие болған еді. Чехиялық велошабандоз биыл «Астана» капитаны ретінде жарыс жолына шығады. Кройцигердің озуына 8 спортшы жұмыс істейді. Атап айтқанда, қазақстандықтар Александр Дьяченко мен Андрей Зейцтен бөлек, итальяндық Энрико Гаспаротто мен Симоне Понци жекелей кезеңдерде топ жарудан үмітті. Сонымен қатар, эстониялық Танел Кангерт, ресейлік Евгений Петров, бельгиялық Кевин Зельдреерс, итальяндық Паоло Тиралонго секілді жігіттерге сенім артылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера