«Астана» велошабандозы Нибали «Джиро дИталия» турниріне қатыспайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велошабандозы Нибали «Джиро дИталия» турниріне қатыспайтын болды

«Астана» велошабандозы Нибали «Джиро дИталия» турниріне қатыспайтын болды

Қазақстандық «Астана» клубының велошабандозы Винченцо Нибали биыл «Джиро д'Италия» көпкүндігіне қатыспайтын болды.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы «Астана» клубының менеджері Александр Винокуров мәлім етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзіне қарағанда, команданың ағымдағы жылғы мақсаты — «Тур де Франс» болмақ. Сондықтан Нибалидің күшін ең беделді турға сақтауға тура келеді.

«Біз «Тур де Франстың» сары жейдесін жеңіп алғымыз келеді.Дегенмен «Джиро» турнирінде де біздің команда сапы мықты болады. Онда Микеле Скарпони мен Фабио Ару барады. Соңғысы ең үздік жас шабандозға берілетін ақ жейдені ұтып алады деген үміттеміз», — деп атап өтті А.Винокуров.
Еске сала кетейік, 2013 жылы Нибали «Джиро д'Италия» мен «Тиррено — Адриатико» көпкүндіктерін жеңіп алған болатын. Сонымен қатар 2010 жылы Испанияда «Вуэльта» суперкөпкүндігінің жеңімпазы атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера