Астана вокзалы маңы аумағындағы тұрақтар ақылы болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана вокзалы маңы аумағындағы тұрақтар ақылы болмақ

Астана вокзалы маңы аумағындағы тұрақтар ақылы болмақ

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы

  • 22 Қазан 2015
  • 649
Фото - Caravan.kz


Әсет Асаубаев республиканың вокзал маңы аумақтарын тәртіпке келтіруге тапсырды. Ол мұндай тапсырмасын бүгін елорданың темір жол вокзалында өткен көшпелі жиында берді.

Жиын барысында ол вокзал маңындағы орын алып жатқан жайттарға ерекше тоқталды. Мәселен, комитет төрағасы елорданың темір жол вокзалы төңірегінде ресми такси қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктерге тоқталды. Бұл мәселеге орай, «Вокзал сервис» АҚ басшысы Қайрат Тұрлыханов өз пікірін білдіріп, вокзал маңындағы аумақтың толығымен өзі басқаратын мекемеге қарамайтындығын, алдағы уақытта бұл проблеманың өз шешімін табатындығын атап өтті. Дәл осы мәселеге орай таяу аралықта министрлікте қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын да өтпек. 

Оның атап өтуінше, таксилер үшін жеке тұрақтар белгіленіп, ал жолаушылар әкелетін басқа көліктерге Астана мен Алматы әуежайындағыдай тұрақ ақылы болмақ. 

Сонымен қатар ол бұл проблеманың 2016 жылдың екінші тоқсанында толық шешім табатындығын баса айтты.

Перейти к новостям спорта