Астана және Алматы қалаларында қысқы Азиада-2011 өткізу шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді - Досмұхамбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана және Алматы қалаларында қысқы Азиада-2011 өткізу шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді - Досмұхамбетов

Астана және Алматы қалаларында қысқы Азиада-2011 өткізу шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді - Досмұхамбетов

Астана. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Азиада-2011 қысқы Азия ойындарын Астана және Алматы қалаларында өткізу Қазақстанның шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов кешегі өткен баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 831
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үшін қысқы Азия ойындарын екі қалада өткізу экономикалық тұрғыдан пайдалы», — деп атап көрсетті Темірхан Досмұхамбетов. «Менің ойымша, бұрын жоспарланғандай Алматы қаласында мұз сарайын салмауымызға байланысты біз көп ақша үнемдейміз», деді министр. Сонымен қатар ол, Астана қаласында 2009 жылы спорттың мұзға байланысты жарыстары өтетін коньки стадионының құрылысын аяқтау көзделіп отырғанын атап өтті.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, қысқы Азия ойындарына Қазақстан мемлекетіне 3 мыңнан астам адам келуі мүмкін. «Қазір ұйымдастыру комитетінде Олимпиадаға қатысушылардың орналасу мәселесі талқылынып жатыр», — деді Темірхан Досмұхамбетов. Сонымен бірге министр Олимпиада қалашықтары салынбауы мүмкін екендігін ескертті. «Біз қазір қонақтарды орналастыруды жоспарлап отырған қонақ үйлер мен демалыс орындары Астанада да, Алматыда да жеткілікті. Егер қажеттілік туа қалған жағдайда спортшылар үшін Астанада және Алматыда бір-бірден Олимпиада үйлері салынуы да ғажап емес», — деді Т. Досмұхамбетов.

Бұрын хабарлағанымыздай, Азияның Олимпиада комитеті сессиясының отырысында VII қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі қаласында — Астанада және Алматыда өткізу туралы шешім қабылданған еді. VII қысқы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанаты және спорттың мұзға қатысты жарыс түрлері, комитеттің шешіміне сәйкес, Астана қаласында өтеді. Ал шаңғымен жарыс түрлері Алматыда өтетін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті