Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің орталығына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің орталығына айналды

Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің орталығына айналды

Астана күні - бұл біздің бүкіл Қазақстан өміріндегі ауқымды оқиға болып табылатын ортақ мерекеміз. Бұл жайында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев Астан күніне орай өтіп жатқан мерекелік шара барысында айтты.

  • 7 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімі Астананың тарихы Қазақстан тәуелсіздігі жылнамасының ең жарқын кезеңіне айналғандығын жеткізді. «Астананың ауыстырылуы мемлекетіміздің әрі қарай дамуы үшін маңызды болды. Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің орталығына айналды», -деді Б.Торғаев халық алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар ол Астанға әлемге танымал сәуетші шеберлердің, оның ішінде Кисе Куракава мен Норманн Фостердің таңғажайып архитектуралық жобалары іске асырылғандығын айтып өтті. «Осы белгілі сәулетшілердің ұсынған тұжырымдамасының арқасында Астана қоршаған ортамен үйлесімді дамып, өзінің заманауи кескіндерімен жұртшылықты таң қалдыруда», -дейді аудан әкімі.

Астананың болашағы зор екендігі баршамызға белгілі. Осы тұста Б.Торғаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы әлемнің дамыған 30 елінің астанасы қатарына кіру міндетін қойғандығын да атап өтті. «Бүгіннің өзінде Астана осы үлкен мақсатқа қол жеткізу үшін айтарлықтай жетістіктерге жетті деуге болады. Астананы құттықтау үшін әлемнің әр түрлі мемлекеттерінен беделді саясаткерлер, дипломаттар, эстрада жұлдыздары, журналистер мен ғалымдар ағылуда», -деді Б.Торғаев.

Соңғы жаңалықтар