«Астана жұлдызы» ұлттық байқауында қазақстандық өнер жұлдыздары 12 санат бойынша бақ таластырады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана жұлдызы» ұлттық байқауында қазақстандық өнер жұлдыздары 12 санат бойынша бақ таластырады

«Астана жұлдызы» ұлттық байқауында қазақстандық өнер жұлдыздары 12 санат бойынша бақ таластырады

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері музыка индустриясындағы ең басты оқиға - «Астана жұлдызы.

  • 1 Шiлде 2015
  • 555
Фото - Caravan.kz


Ұлттық музыка бәйгесіне» тағы да жиналады. Қонақтар шілденің 4-і күні Бейбітшілік және келісім сарайында жарқын жұлдыздар, атышулы есімдер, таңғажайып әндер мен үздік дауыстарды тамашалайды, деп хабарлайды astana.kz.

Теңдесі жоқ шара Астанада осымен үшінші рет өткізілмек, оны қазақстандық «Грэмми» деп атауға да болады. Шараға «Adam Media Group» продюсерлік орталығы мұрындық болса, идеяның авторы — Астана қаласының әкімдігі. 
Міне, үшінші жыл қатарынан аталған шара барлық дерлік отандық жұлдыздарды бір ортаға жинап келеді. Дәстүр бойынша ән, кино және шоу индустрияның өкілдері қызыл кілеммен жүріп өтеді. Ауқымды шара кезінде бәрі де ерекше көзге түсіп, көрген жанды тамсандыру үшін қызу дайындық үстінде. 
Үміткерлер мен үздік туындыларды таңдайтын сараптау комиссиясының құрамында музыка саласының ең құрметті өкілдері: әртістер, продюсерлер, вокал мамандары, жалпы, 100 адам бар.
Биыл есімдері мен хиттері музыкалық чарттарда көш бастап тұрған әртістер мен олардың авторлары 12 санат бойынша бәсекеге түседі. «Үздік орындаушы» номинациясынан Айқын, Әли Оқапов, Дастан Оразбеков үміт күтеді. Қыздар арасында Дильназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова және Қарақат Әбілдина үздік атануы мүмкін. Ерлер ұжымы категориясында «Rin'GO», «Орда» және «Жігіттер» шеберлік байқасады. Ал «Assyl», «Lashyn», «KeshYOU» топтары «Үздік қыздар тобы» атағын сарапқа салады. 
Ең табысты дуэт ретінде «Арнау» тобындағы Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева, Бүркіт пен Аиша, «Нұр-Мұқасан» бас жүлдеге таласады. «Жыл дебюті» номинациясында Sanda, Жанель Ыстықбаева, Мархаба Сәби ұсынылған. Әли Оқаповатың «Биле», Жанар Дұғалованың «Ізін көрем» және «Rin'GO» тобының «Көкбөрілер жыры» әндері сынды туындылардың бірі «Жыл әні» атануға үмітті болса, Арман Дүйсенов, Ғалымбек Исімбергенов және Қайрат Баекенов үздік композитор атануға үмітті. Ал Алексей Маклай, Қалқаман Сарин мен Ринат Зайытов, үшеуінің бірі үздік мәтін авторы атанбақ. 
Биылғы жылдың үздік ән әрлеушісі ретінде Павел Ли, Ринат Әубәкіров немесе Ықылас Нығметов мүсін алып қалуы мүмкін. Көрермендер мен сарапшылар үздік клипмейкерді де таңдайды. Оған үміткерлер — Валерий Задарновский, Ернар Нұрғалиев, Жеңісхан Төре. 
Биыл ұйымдастырушылар тағы бір аталым қосып отыр, ол «Үздік жеке концерт» деп аталады. Бұл жүлде үшін «Құс қанат ғұмырымен» Мейрамбек Беспаев, «Семь нот моей жизни» концерттік бағдарламасымен Нұрлан Абдуллин және «Асыл ана» атты концертімен Сәкен Майғазиев таласады.

Перейти к новостям спорта