А.Чайковский атындағы XI халықаралық конкурстың бірінші жүлдегері Денис Шаповаловтардың (виолончель, Мәскеу) гастрольдік турнесі өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Астанада концерт 4 сәуірде Қазақ Ұлттық өнер университетінің Органдық залында, Алматыда — 6 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен залында, Лондонда — 10 сәуірде әлемдік ең ірі — Барбикан холл сарайында өтеді.
Гастрольдік турненің концерттік бағдарламасында — әлемдік камералық-аспаптық музыканың жауhарлары: Й.Брамстың скрипка және фортепианоға арналған №3 сонатасы, ре минор, 108-опера, С.Франктың скрипка және фортепианоға арналған сонатасы, ля мажор,
Ф.Мендельсонның №1фортепианолық триосы, ре минор және басқа да шығармалар орындалады.
Айман Мұсақожаева (скрипка) — Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (профессор В. Климов сыныбы) бітірген, халықаралық конкурстардың лауреаты. Айман Мұсақожаева — ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» атты құрметті атағының иесі (1998); Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер, архитектура саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000); «Платиналы Тарлан» атты тәуелсіз сыйлықтың лауреаты (2002).
2002 жылы Айман Мұсақожаеваның есімі Кембридж университетінің жыл сайын жариялайтын «ХХ ғасырдың 2000 атақты музыканты» Бүкіләлемдік құрметті IBS тізіміне енген, Астана қаласының құрметті азаматы (2007). «Достық» орденімен марапатталған (2011).
Жәния Әубәкірова (фортепиано) — Қазақстан Республикасының халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, П.И.Чайковский атындағы консерваторияны (профессор Л. Власенко сыныбы) бітірген. Халықаралық камералық ансамбльдер конкурсының (Франция, 1985 ж.) Гран-при және Халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо (Франция, 1983 ж.) конкурсының Гран-при иегері және «Заманауи француз композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдені иеленген.
Жәния Әубәкірова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Францияның өнері мен әдебиеті орденінің кавалері, Еуропалық өнер университеттері жүлделерінің иегері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз жүлдесінің лауреаты, «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтқаны үшін» Ұлы Екатеринаның ІІ дәрежелі орденінің иегері, Польша Республикасының мәдениетіне қосқан үлесі үшін «Еңбек сіңірген алтын крест» орденінің иесі.
Денис Шаповалов (виолончель, Ресей) — Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі (1998), М.Ростропович қорының стипендиаты, П.И.Чайковский атындағы XI Халықаралық байқаудың жүлдегері, Мәскеу мемлекеттік консерваториясы виолончель кафедрасының оқытушысы.
Маэстро М. Ростропович Д.Шаповаловты бүкіл Ресей виолончелистерінің ішінен ерекше бағалап, өзімен бірге Англия, Франция, АҚШ сахналарында әртүрлі оркестрлермен қосылып орындауға шақырған.
Виолончелист концерттері үнемі — «Культура», Radio France, Mezzo, Cenqueime, Bayern Klassik, Das Erste ARD, тағы басқа музыкаалық радио және телеарналарда жазылып, таратылып келеді.