Жарияланды: 470

Астана-Атырау бағытымен жолаушылар тасымалдайтын жаңа «Каспий» поезі жолға шықты

«Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ Астана-Атырау маршрутымен жолаушылар тасымалдайтын жаңа №47/48 «Каспий» поезін жолға шығарды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлады.

31-ші мамыр күні Астана-Атырау маршрутымен жолаушылар тасымалдайтын жаңа №47/48-ші «Каспий» поезы жолға шықты. ҚТЖ мұны Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр», - делінген хабарда. Халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында ҚТЖ ҰК өзінің еншілес «Жолаушылар тасымалдау» АҚ компаниясымен Ресейдің Тверь вагон жасау зауытынан 22 вагон сатып алды. Ол 12 купелік, 8 плацкарттық, сондай-ақ 2 штабтық купелік вагоннан тұрады. Бұл екі вагон мүмкіндігі шектеулі мүгедек адамдардың және оларды алып жүругендердің жол жүруіне жайлы етіп арнайы жабдықталған. Вагондар бақылау, диагноз жасау, GPRS навигациясы мен спутниктік байланыс, ауа салқындатқыш жүйемен жабдықталған. Одан басқа бейне, аудио хабар тарату, қауіпсіздік пен байланысты бақылау, поезды күзету, өрт қауіпсіздігі, душ қабылдау бөлмелерімен жабдықталған. Арнайы вагондар мүгедектердің арбасын көтеріп кіргізетін арнайы қондырғымен жабдықталған. Одан басқа, мүгедектер купесінде арбасын орналастыратын арнайы орын және тұтқалар да қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть