«Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында шағын автобус аударылды
Ақмола облысындағы «Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында шағын автобус аударылды, зардап шеккендер бар, |
деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Ақмола облысындағы «Астана-Бурабай» көлік жолының 197-ші шақырымында, «Бақыт» дәмханасы аумағында 15 қараша күні жүргізуші жолдың тайғақтығы салдарынан «Газель» шағын жолаушылар автобусының бір жағына қарай бүйірлей аударылуына жол берді.
Жол апатынан Түркия азаматтары: 1964, 1967, 1972, 1958 1978 жылғы 5 жолаушы зардап шекті, олар медициналық көмек көрсетілген соң жіберілді. Қалған 7 жолаушы рейстік автобуспен әрі қарай жолға аттандырылды. Шағын автобус Астана қаласының әуежайынан Бурабай кентіне жол жүріп бара жатқан еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін