Астана-Бурабай тас жолында патрульдік көлік апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Бурабай тас жолында патрульдік көлік апатқа ұшырады

Астана-Бурабай тас жолында патрульдік көлік апатқа ұшырады

Бір жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмған

  • 22 Қаңтар 2018
  • 146
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында көктайғақ салдарынан жеңіл көлік пен патрульдік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

21 қаңтарда сағат 17:00 кезінде көлік иесі құқық қорғау органдарына хабарлағандай, Көкшетауға кетіп бара жатып, Шортанды ауданындағы Астана-Бурабай тас жолында қоршауға соғылып қалған. Оқиға орнына сол учаскеде кезекшілік еткен патрульдік көлік барады.

ІІД хабарлағандай, автопатруль жолдың оң жақ шетіне келіп тоқтапты. Сол кезде көктайғақ пен ақтүтек боран салдарынан Skoda Rapid жүргізушісі үйілген қарға соғылып, рөлге ие бола алмай патрульдік көлікті қағып кетеді. Салдарынан 38 жастағы Skoda жолаушысы зардап шегіп, Шортанды ауруханасында көз жұмған.


#апатқа ұшырады #Астана-Бурабай #патрульдік полиция #тас жолы
Соңғы жаңалықтар