Астана-Бурабай тасжолында ерлікпен қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана-Бурабай тасжолында ерлікпен қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін

Астана-Бурабай тасжолында ерлікпен қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін

стана-Бурабай тасжолында қаза болған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 1106
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 4 желтоқсан күні Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған. Рейстік автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан төрт адам мерт болды. Nissan Cefiro көлігінде болған үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Көліктен үш жасар баланы ғана аман алып қалу мүмкін болды. Кейін баланың әкесі табылған еді.

Ақмола облысындағы Жаңажол ауылының тұрғыны Құмарбек Жәкетай жол оқиғасы болған жерден өтіп бара жатқан. Ер адам зардап шеккендерге көмекке ұмтылып, көліктен үш жасар баланы алып шығып, жүргізушіні босатып алған. Бірақ, өзге жолаушыларды құтқармақ болған сәтте оны жақындап қалған автобус басып кеткен еді.

«Қылмыстық істі тергеу мен жол апатының мән-жайын анықтау қорытындысы бойынша, ІІД қайтыс болған Жәкетай Құмарбекұлын төтенше жағдайда адамдарды құтару кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін наградаға ұсыну мәселесін қарастырады», — дейді Ақмола облысының баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.


Соңғы жаңалықтар