Астанада 10 миллион долларға жүн өңдеу зауыты салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-9 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 10 миллион долларға жүн өңдеу зауыты салынады

Астанада 10 миллион долларға жүн өңдеу зауыты салынады

Астанада 10 миллион долларға қой жүнін өңдеу зауыты салынады

  • 11 Наурыз
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың KazFelTec компаниясының акционерлері Әсет Тілеуов және Лука Кверчимен кездесуі кезінде айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Компания салған алғашқы зауыт Ақтөбеде 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген. Зауыт жылына шамамен 3600 тонна жүн өңдей алады.

Өндіріс иелері осындай екінші зауыт салуға ниет білдіріп, жобаның құнын шамамен 10 миллион долларға бағалап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше зауытты Астанада орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ұсақ мал көп шоғырланған аймақтарда қабылдау, жуу және сұрыптау станцияларының желісін құру жоспарланған.

«Бұл фермерлердің логистикалық шығынын азайтып, жүннің сатып алу бағасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер жүн алғашқы өңдеуден жергілікті жерде өтсе, біз оны жоғары бағамен қабылдай аламыз. Осылайша ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзі пайда болып, шаруашылықтардың қой шаруашылығын дамытуға деген қызығушылығы артады», — деді Әсет Тілеуов.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров министрлік өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.