Астанада 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады

Астанада 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады

Астанада 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Ол жол қозғалысын реттеуге, қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейтуге септес

  • 10 Тамыз 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

Астанада 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Ол жол қозғалысын реттеуге, қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейтуге септеседі, деп хабарлады Алматы арнасы. 

Одан бөлек, жол сақшыларына қосымша 200 планшет беру жоспарлап отыр. Құрылғылардың барлығы жеке қаржыгерлердің ақшасына алынады. Ол үшін кәсіпкерлер 8 жарым млрд теңге бөліп қойған.

«Бас-аяғы 13 мың камера болады. Қазір 3 мың жабдық бар. Қалған 10 мыңы жаңадан алынады. Бейнебақылау камералары жол бойына, көше қиылыстары мен қоғамдық орындарға қойылмақ», — деді Инвестиция және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.


Соңғы жаңалықтар