Астанада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.26
  • 602.13
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

Астанада 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

Астана қаласы мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «169» анықтама қызметінен мәлім етті.

Осы уақытта температура бағаны -29 градус аязды көрсетіп тұр.

Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) — 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.

Сабақты тоқтату туралы ақпарат:

— «31 — канал» теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 6.30-тен 8. 00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін) беріледі;

— сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9. 00 ден — 18. 00 ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

— ата- аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.