Астанада 2006-жылға арналған бюджет жобасын алғашқы оқылымда қарауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  2006-жылға арналған бюджет жобасын алғашқы оқылымда қарауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Астанада 2006-жылға арналған бюджет жобасын алғашқы оқылымда қарауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін, 7-қарашада Астанада 2006-жылға арналған бюджет жобасын алғашқы оқылымда қарауға арналған парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 338
Фото - Caravan.kz

Отырысқа мәжілістің 67, сенаттың 38 депутаты қатысып отыр. «Қажетті кворум қалыптасты»,- деді мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,4 процентін құрайды немесе 113,8 млрд. теңге болмақ.
Республикалық бюджеттің жалпы түсімі 1 трлн. 469,4 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 18,2 процентін құрайды. Ол биылғы жылғы көрсеткіштен 224 млрд. теңгеге немесе 18 процент артық. Бюджет кірісінің негізгі бөлігін салық түсімдері құрайды. 2005-жылғымен салыстырғанда салық көлемі 189,8 млрд. теңгеге артып, 1 трлн. 280,4 млрд. теңгені құрауға тиіс. Салық емес түсімдер 37,7 млрд. теңге көлемінде болжануда.
2006-жылғы республикалық бюджеттің шығындары 1 трлн. 583,2 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 19,6 процентін құрамақ.

Перейти к новостям спорта