Астанада 200-дей бай-бағылан коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 200-дей бай-бағылан коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүр

Астанада 200-дей бай-бағылан коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүр

Астанада 200-дей бай-бағылан коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүр. Байыған сайын қалтырап,  тиын-тебенді төлемей, тарсынып отырғандар ішінде жоғары шендегі мемлекеттік қызметкерлер де аз емес. Өткен аптада ғана Елбасы Астана әкіміне мұндай адамдардың аты-жөндерін жариялап, олармен күресті күшейтуді тапсырған.

  • 8 Маусым 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Аты-жөндерін жариялаңдар, ел білсін. Миллиондап шашып, сарай тұрғызады да, мемлекетке салық төлеуден жалтарады. Сол зәулім үйлерді тұрғызғанда «ақшаны қайдан алдыңдеп сұрамадық та. Өйткені,сәйкесінше,салық төлеулері тиіс екенін білдік.

Жалпы еліміз бойынша коммуналдық қызмет үшін қарыздардың соммасы 8 млрд. теңгеден асқан. Тек Астананың өзінде 163 адамның 167 млн теңге тарта қарызы бар екен. Біздің тілшілерімізге де бай-қуатты борышкерлер тізімі тиіп, бүгін олардың бірқатарының үйлеріне барып та көрді. Тізім басында бұрынғы Қорғаныс министрі, қазіргі сенатор Мұхтар Алтынбаев та жүр. Депутатзәулім үйінің газ, жылу және жарық ақысын төлемеген. Бірақ бұл үйде қазір өзі тұрмайды екен, оны Қатар елінің елшісіне жалға беріп қойыпты. Сондай-ақтізімде мейрамхананың иесі Сүлейменов деген азамат та бар. Ол да ғимаратты жалға беріп, пайда табуды жөн көрген. Борышкерлер тізімінде жүргендердің дені зәулім сарайларда тұрады. Алайда тиісті органдар Елбасының тапсырмасына сәйкес,борышкерлермен күресті күшейте түсуге әзірге асықпай отырған сыңайлы. Коммуналдық шаруашылыққа жауапты мамандар келесі жылу маусымына дейін бұл қомақты қарыздардың ең болмаса 30 пайызға жуығы төленсе екен деп отыр.   


Василий Маслов
, ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің департамент директоры:

Қандай лауазымды тұлға болса да, одан лауазымы жоғары адам табылады. Сол адам арқылы борышкерге ықпал етуге болады. «Саған халық қарайды, ондайыңды қой» деген әңгіме жүргізіп...  Әдетте мұндай әдіс нәтиже береді. Ал көбіне ескерту жасап, қарыз туралы хабарландыру жіберу жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар