Жарияланды: 360

Астанада 3 адам биік құбыр басына шығып, өз-өздеріне қол салмақ болды

Астанада көкшетаулық бір отбасының мүшелері биік құбыр басына шығып, төбеден секірем деп тәртіп сақшыларын әбігерге салды. Төбеден «жазықсыз сотталған баламызды босатыңдар» деп талап еткен үш адамды полицейлер бір тәуліктен соң ғана жерге түсірді. 

25 жастағы жігіт қарақшылықпен айналысқаны үшін былтыр 9 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Бірақ анасы мен жақындары соттың әділ үкім кескеніне сенбейді. Айтуларынша, оған жазықсыз жала жабылған. Сондықтан, сот үкімін қайта қарауды талап етіп отыр. Шағым айтып бұған дейін талай табалдырықты тоздырғанымен, ештеңе өндіре алмай осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты. Өз-өзіне қол салмақ болған ана тек бір тәуліктен кейін келісімге келіп, төменге түсуге көнді.

Бағжан Аязбекова:

- Егер қатер төну керек болса мен өз жанымды өзімнің балам үшін беруге дайынмын. 9 жыл берді, қатаң режим, нақты айғақтар да жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін