Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажайды" биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажайды" биледі

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде "Қамажайды" биледі

Флешмоб Ұлттық киім күніне арналды

  • 18 Наурыз
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астананың 3 мыңнан астам оқушысы бір мезгілде қазақ халқының «Қамажай» биін орындады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. 

Школьницы Астаны исполнили национальный танец Камажай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде «Қамажай» биін биледі

© Photo : Акимат Астаны

Ұлттық киім күніне арналған флешмоб «Наурызнама» онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде өтті.

«Қамажай» — қазақтың ең танымал халық билерінің бірі. Би арқылы бойдағы бар болмысты, мінезді, көңіл-күйді көрсетуге болады. Ал мұндай ауқымды шарада өнер көрсету мәдениетімізді ұлықтаудың әдемі көрінісі. Қыздар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, біз олардың жұмысын мақтан тұтамыз», – деді «ШАШУ» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Рахат Тәуіржан.

Флешмоб ерекше жарқын сәтпен аяқталды. Бишілерге көрермендер қосылып, әуен ырғағымен бірдей қимыл жасады. Олар іс-қимылдары арқылы әдемі қызғалдақ гүлін еске салды.

Школьницы Астаны исполнили национальный танец Камажай - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025

Астанада 3 мыңнан астам оқушы бір мезгілде «Қамажай» биін биледі

© Photo : Акимат Астаны

Сондай-ақ, іс-шара аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, онда Астана қаласының колледж студенттері дәстүрлі қазақ киімдерін көрсетті.