Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын ер адам бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір жыл мерзімге мінез-құлқына ерекше талап қойылған адам ретінде есепте тұрған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым сала отырып, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды», – делінген хабарламада.