Астанада 6-7 қарашада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина мемлекетаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 6-7 қарашада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина мемлекетаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді

Астанада 6-7 қарашада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина мемлекетаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 6-7 қарашада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Украина мемлекетаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

Комиссияның отырысы барысында Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ, оытн-энергетикалық кешен төңірегіндегі ынтымақтастық жөніндегі мәселелер талқылау жоспарлануда.

Отырысқа комиссияның қазақстандық және украиналық тараптарының мүшелері және екі ел министрліктері мен ведомстволарының құзырлы қызметкерлері қатысады.

Отырыс ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев пен Украинаның Отын және энергетика министрі Юрий Проданның төрағалығымен өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар