Астанада 70 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты; ғимараттан 200 адам шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 70 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты; ғимараттан 200 адам шығарылды

Астанада 70 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты; ғимараттан 200 адам шығарылды

АСТАНА.20-ақпан. Kazakhstan Today. Астанада бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкені мен ақша айырбастау бөлімінде өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Ақпан 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Ғимараттан 200 адам шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ»,- деп хабарлайды мекеме.

Өрт дүйсенбі күні Республика алаңы 21 үйде 16 сағат 23 минутта шыққан. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыды. 23 сағатта сөндірілді.

Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 67 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті