Астанада №73 мектептің 3-сынып оқушысы құдыққа құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада №73 мектептің 3-сынып оқушысы құдыққа құлап кетті

Астанада №73 мектептің 3-сынып оқушысы құдыққа құлап кетті

Бүгін, 10 желтоқсан күні Астана қаласындағы №73 мектеп лицейдің 3-сынып оқушысы мектепке жақын ауданда орналасқан өз үйінің жанындағы құдыққа құлап кеткен. 

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz

Абырой болғанда, мектептің техникалық қызметкері (әйел адам) баланың айқайлаған дауысын естіп, ата-аналарды көмекке шақырған. ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, мектеп директоры Құралай Байтажикова хабарлағандай, қыз бала дін аман. 

«Бүгін, шамамен бірнеше сағат бұрын №73 мектептің шағын ауданына жататын тұрғын үйлердің арасындағы құдыққа бала түсіп кеткен. Баланың айтуы бойынша, 15-20 минуттай құдықта тұрған. Баланың ешбір жеріне ешқандай зақым келмеген. Жедел жәрдем шақырдық, менің алдымда дәрігерлердің тексеру туралы анықтама жатыр, баланың денсаулығына зақым келмеген. Бірақ, бала сәл тоңып қалған секілді. Үсік шалмаған. Дәрігерлер ыстық шай беріп, денсаулығын толық тексерді. Қазір баланың жағдайы жақсы»,-дейді директор.

Мектеп директорының айтуынша, құдыққа құлаған  №73 мектептің 3-сыныбында оқитын қыз бала екен. Қазір қауіпті құдықтың қақпағы  жабылған.


«Алматы ауданының әкімдігі құдықтың қақпағын жауып қойды. Негізі, ата-аналардың айтуынша, құдық кешегі күнге дейін жабық жатқан. Құдық мектептен біраз алыста орналасқан. Баланың дауысын техникалық қызметкері естіп, көмекке шақырған. Осы мектепте баласы оқитын ата-аналар барып, баланы шығарып алған»,-дейді Қ.Байтажикова.

P.S. Видео «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Астана. Кім? Қайда? Қашан?» деген топқа жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар