Бүгін Астанада Кенесары көшесінде орналасқан «Золотой дом» ТК-нің 9 қабатты тұрғын үйіндегі кіреберістердің бірінде электр кабельдері өртене бастады.
Жалын тілі 10 шаршы метр аумаққа тарады. 61 адам құтқарылды, соның ішінде 15 бала болды. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді, араларында 7 бала бар.
Өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1933 жылғы зейнеткер, 1938 және 1954 жылғы екі әйел және 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 30 адамы мен 9 техника бірлігі, ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.