Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқан кіреберісінен 61 адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқан кіреберісінен 61 адам құтқарылды

Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің өртеніп жатқан кіреберісінен 61 адам құтқарылды

Бүгін Астанадағы 9 қабатты үйде электр кабельдері өртенді, 61 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

  • 1 Қараша 2012
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада Кенесары көшесінде орналасқан «Золотой дом» ТК-нің 9 қабатты тұрғын үйіндегі кіреберістердің бірінде электр кабельдері өртене бастады.

Жалын тілі 10 шаршы метр аумаққа тарады. 61 адам құтқарылды, соның ішінде 15 бала болды. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді, араларында 7 бала бар.

Өрт салдарынан иіс тиіп уланған 1933 жылғы зейнеткер, 1938 және 1954 жылғы екі әйел және 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 30 адамы мен 9 техника бірлігі, ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар