М.Құлжановтың айтуынша, Елордасындағы мерекелік шаралар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан және «Турист» қонақүйінің атауын «Абай» деп өзгертуге байланысты салтанатты митингіден басталады. Сонымен бірге Астанада Француз ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік басқосу өтеді. Сонымен бірге әдеби-көркем концерт ұйымдастырылып, онда симфониялық оркестр Абайдың «Май түні» атты философиялық күйін орындайды. М.Құлжановтың айтуынша, бұл күйді ұлы ақынның шығарғаны жуырда ғана анықталды. Қор бұған қоса «Абай әндері» атты үш CD дискінің тұсаукесерін өткізбекші. Бір дискідегі әндерді ақынның немересі Мәкен Мұхамеджанова орындаған. «Дискілер тегін таратылады»,- деді қор директоры.
М.Құлжановтың хабарлауынша, қор басшылығы Абай шығармашылығын зерттеумен шұғылданып жүрген ғалымдар үшін бірнеше грант тағайындамақшы. «Олардың бірі Абай шығармашылығын мектепте оқытуға арналған әдістемелік құрал шығаруға, екіншісі «Абай және ислам» тақырыбындағы, үшіншісі — «Абай және бизнес», төртіншісі — «Абай мемлекеттік қайраткер ретінде» тақырыбындағы ғылыми жұмыстарға беріледі»,- деді ол.
Қор басшысының айтуынша, ол басқаратын ұйым сонымен бірге Есілдің сол жағалауында Абай Құнанбаев атындағы элиталық қазақ мектебін салуды межелеп отыр. «Ұлы ақынның 160 жылдық мерейтойы аяқталған соң біз бұл мәселе бойынша Астана қалалық әкімшілігіне ресми өтініш жасамақшымыз, қор бірақ құрылыс жұмыстарын толық өз күшімен қаржыландырады»,- деді М.Құлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті