ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Абайтану орталығы елордадағы Қазақстан-Ресей университетінде ашылатын болады. Орталықтың негізгі мақсаты — қазақ халқының кемеңгер ұлы тұлғасы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын зерттеу және насихаттау болып табылады. Осы орталықта жастармен және абайтанушы мамандармен сан алуан кездесулерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.