Астанада әйелін тірідей өртеген азғынға үкім кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әйелін тірідей өртеген азғынға үкім кесілді

Астанада әйелін тірідей өртеген азғынға үкім кесілді

Астанада асқан қатегіздікпен жасалып дүйім елдің жағасын ұстатқан қылмыстық іске соңғы нүкте қойылды.

  • 29 Қазан 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бүгін Елорда соты көптің көзінше, мұғалім келіншегін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовты 18 жылға түрмеге тоғытуға үкім кесті. Алайда, марқұмның туыстары мен ұлының үкімге көңілі толмай, тура сот залында жылап жіберді. Олар 4 баланы анасынан айырған жауызды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек деп санайды. Ал полиция енді Сәдуовты жарты жылдай жертөледе жасырғандарға қатысты тергеу бастамақ.

Күллі елдің назары ауған шулы процеске марқұм Светлананың туыстары ғана келген. Әкесінің кесірінен 3 бірдей бауырымен жетім қалған Талғат та осында. Тек, 43 жастағы Қанат Сәдуовтың жазадан құтыла алмайтынын сезсе керек, үкімді тыңдауға адвокаттар келген жоқ.

Ербол Рақымбеков, судья:

Қанат Сәдуов 18 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қатаң түрдегі колонияда өтесін. Кішкентай балаларының барын ескеріп, мүлкін тәркілемейміз.

Судья залға кірмес бұрын істеген қылмысы үшін өкінбейтіндей кейіп танытқан Қанат Сәдуов 18 жылға сотталғанын естігенде орынынан тұра алмай қалды. Бұған дейін соңғы сөзінде әйелін басқа адамның өртегенін айтқан азғын, кінәлі емеспін деп тағы ақталып шықты. Тіпті, жоғарғы сотқа арызданбақ ойда.

Соттың үкімімен келісесіз бе?

-Жоқ!

-Шағым түсіресіз бе?

Иә!

Ал, көз жасына ерік беріп, соттан жылап шыққан марқұм Светлананың жақындары Қанат Сәдуов үшін бұл жаза тым аз деп отыр. 

Айгүл Дәрменова, марқұмның туысы:

-Үкіммен қанағаттанбаймын.Бірақ  құдай сазайынын береді. Ол өзінің балаларын болашағынан айырды.

Бала демекші, Қанат Сәдуовтың 20 жастағы үлкен  ұлы Талғат та, қалған бауырлары да әкелерінің асқан қатігездігінен өздерін қоярға жер таппай ұялып жүр екен. Қанша жерден жақын болса да кешірмеуге бекінген.

-Әкеңді кешіре аласың ба?

-Жоқ!

Жантүршігерлік оқиға мамыр айында болған еді. Астанадағы №25 мектепте қазақ тілінен сабақ берген әйелін Қанат Сәдуов сыртқа шығарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Денесінің 70 пайызын күйік шалған ұстаз ауруханада бір аптадай жатып, ақыры көз жұмды. Ал, қылмыскердің өзі 4 ай бойы Астана шетінде орналасқан  туыстарының үйіндегі жертөледе тығылып жатқан жерінде ұсталған болатын.

Қылмыскерді жасырған осы Қанат Сәдуовтың туыстары да жазадан қашып құтылмайды. Оларға қатысты тергеу енді басталмақ. Ал, әкесінің кесірінен анасынан айырылып тұл жетім қалғандар Солтүстік Қазақстан облысында тұратын нағашыларының қамқорлығында қала  бермек.Енді олар қорқынышты түстей болған жағдайды тезірек ұмытуды ойлап  отыр. 

Соңғы жаңалықтар