Балетті қойған италиялық хореограф Антонио Канделоро.
Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қойылымның көркемдік жетекшісі — Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер — Айдар Абжаханов, бас балетмейстер — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
«Эсмеральда» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондонның Корольдік театрында сахналаған еді.