Астанада алаяқ бөтен адамның пәтерін сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алаяқ бөтен адамның пәтерін сатып жіберген

Астанада алаяқ бөтен адамның пәтерін сатып жіберген

Елордалық полицейлер пәтер сатқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі. 

  • 1 Қараша 2017
  • 204
Фото - Caravan.kz

«Есіл аудандық ІІБ тергеу бөлімі 37 жастағы Руслан Хутиевке қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол сеніміне кіріп, алдап-арбау жолдарымен өзіне тиесілі емес пәтерге жалған құжат жасап, сатып жіберген, ақшаны алған бойда ізін суытқан», — делінген хабарламада.

Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 190-бабы юойынша («Алаяқтық») тіркелді. Күдікті қамауда отыр. Полиция Руслан Хутиевтің алаяқтық әрекеттерінен жәбірленген азаматтардан Есіл аудандық ІІД-не (Қорғалшын тас жолы, 21), мына телефондарға: 8 700 099 92 69, 8 775 444 44 58, 8 (7172) 71-65-58, 71-65-57 немесе «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.



 

Перейти к новостям спорта