«Астанада жер телімдеріне қатысты алаяқтық деректері азая түсті. Жерге қатысты алаяқтық деректерінің өршуі Елордасында былтыр тіркелді»,- деді ол. Оның айтуынша, былтыр Астанада алаяқтар тарапынан жер телімдерін заңсыз сату деректеріне байланысты 70 қылмыстық іс қозғалды. «Осы жылдың 7 айында осындай небәрі 10 қылмыстық іс қозғалды. Олардың бәрі де алданып қалған азаматтардың шағымы бойынша қозғалды»,- деді департамент төрағасының орынбасары.
А.Кәрімовтың пайымдауынша, көп жағдайда алаяқтар «азаматтардың заңдық тұрғыда сауатсыздығын пайдаланып, алаяқтықтың бір ғана қитұрқы тәсілін пайдаланады». «Көп жағдайда азаматтарға «құжат» ретінде түрлі жер телімдерінің топографиялық жоспары көрсетіледі. Ал оны іс жүзінде кез-келген адам ала алады»,- деп атап өткен ол көбінесе алаяқтардың қармағына ілігетіндер сырттан келгендер мен ауыл тұрғындары»,- деді ол.