Астанада алдағы 3 тәулік бойы қар жауып, бұрқасындатады - синоптиктер
![]() |
Бүгін Астанада қар жауып, қарлы бұрқасынның ұйытқуы сақталады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде. |
Күндіз ауа температурасы -3-тен 0 градусқа дейін болады. Түнде - 5-7 градус, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып astana.kz сайты.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, 13 қарашада күн құбылмалы, кейде ашық әрі жылы, қар түсуі ықтимал. Желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 3-5 градус суықтықты көрсетеді, түнде 5-7 градус болады.
14 қарашада ауа температурасы О градусқа дейін көтеріледі. Түнде шамамен 5-7 градус болады, деп хабарлады синоптиктер.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін