Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 511.37
  • 583.73
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады

Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, деп жазады astana.gov.kz.

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 21 қыркүйекте, республикамыздың астанасында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +11+13°С, түнде +9+11°С болады.

Сейсенбі күні, 22 қыркүйекте, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С жылы болады.

23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +12+14°С болады деп күтілуде.