Қаңтардың 26-сында елордада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -32, -34°С, күндіз -21, -23°С аяз болады, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Синоптиктердің мәліметінше, 27 қаңтарда ауа температурасы түнде -28, -30°С дейін төмендейді, ал күндіз -19, -21°С шамасында болады. Ал қаңтардың 28-і күні көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -25, -27°С аяз, күндіз -17, -19°С дейін суық болады.