Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі одан әрі жалғасуда

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі одан әрі жалғасуда

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 806
Фото - Caravan.kz

Сьезге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Алқалы жиынның екінші күні діни сенім-наным еркіндігі және басқа дін өкілдерін құрметтеу және халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы дін жетекшілерінің ролі тақырыптарын талқылайды. Форум жұмысының қорытындысы бойынша ІІ сьездің декларациясы қабылданады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Форумға қатысуға әлемнің 20-дан астам елінен ең негізді әлемдік діндер мен конфессиялардың өкілдерін, саясаткерлер мен оғам қайраткерлерін қамтитын 43 делегация келді. 160-тан астам делегат ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм сынды негізгі әлемдік және дәстүрлі діндердің атынан қатысады. Сонымен бірге шараға БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЮНЕСКО сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын құрметті қонақтар шақырылған.

Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сьезге ислам атынан Мысыр, Үндістан, Иран, Сауд Арабиясы мен Пәкістан өкілдері келді. Олардың құрамында Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы Абдулла бен Абдель Мухсин Ат-Турки, Аль-Ахзар университетінің Бас имамы Мұхаммед Тантауи, Үндістан улемдер кеңесінің төрағасы Маулан Мухаммед Раби Надви бар.

Христиандық конфессиялардан Рим католик, Англикан, Орыс православиелік, Константинополь православиелік шіркеулері мен Бүкіләлемдік лютеран федерациясы сьезге қатысуда. Сондай-ақ, сьезге Қытай, Монғолия және Оңтүстік Кореядан үш буддистік делегациялар қатысуда. Сьездің құрметті қонақтары ретінде танымал саясаткерлер мен дін қайраткерлері шақырылған.

Сьезд жұмысыанн ақпарат тарату үшін 400-ден астам журналист аккредитацияланған. Бұл күндері Астанада 1696 полиция қызметкері құқық пен тәртіпті қамтамасыз ететін болады. Сьезд бүгін аяқталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта