Астанада әлеуметтік қызмет көрсетудің тұрақты стратегиялары туралы республикалық конференция болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада әлеуметтік қызмет көрсетудің тұрақты стратегиялары туралы республикалық конференция болады

Астанада әлеуметтік қызмет көрсетудің тұрақты стратегиялары туралы республикалық конференция болады

Астанада 13-14 маусым күндері «Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен халықтың осал тобындағы балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің тұрақты стратегиялары» деп аталатын республикалық конференция өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

Оны «Бота» қайрымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Конферецияның басты мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың денсаулығы, білімі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қолдау. Осы бағыттағы барлық мүдделі тараптармен ынтымақтасу арқылы ортақ пәтуаға келіп, жоспарларды, стратегияларды және ұсыныстарды талқылау.

Конференция жұмысына Білім мен ғылым, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Әділет, Байланыс және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық және ұлттық сарапшылар қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар