Астанада алғаш рет қазақша күрестен III Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алғаш рет қазақша күрестен III Әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет қазақша күрестен III Әлем чемпионаты өтеді

Қазанның 22-сі күні Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында халқымыздың ұлттық спорт түрі - қазақша күрестен III Әлем чемпионаты өтеді.

  • 21 Қазан 2010
  • 850
Фото - Caravan.kz

Бұл бүгін осыған орай ұйымдастырылған арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов атап көрсеткендей, қазақша күрестен III Әлем чемпионаты Астанада алғаш рет өткелі отыр. «Биыл қазақша күрес FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының ресми күнтізбесіне енді. Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік, әрі қазақтың ұлттық спортының дамып келе жатқандығының айқын көрінісі болса керек. Бұл елімізде бұқаралық спорттың кеңінен қанат жаюына негіз болады деп білеміз», — дейді Е.Қанағатов.

Жарысқа 40-қа жуық елден 200-ге таяу спортшы қатысады. Қазақша күрестен III Әлем чемпионатымен қатар өтетін V Дүниежүзілік күрес ойындары ұйымдастырылады. Іс-шараға FILA Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының президенті Рафаэль Мартинентти қатысады деп күтілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера