Оқиға 14 шілдеде сағат 15:28-де орын алған.
«ТЖК-ның өңірлік орталық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары қайтыс болғандардың мәйітін судан алып шықты. Оқиға қаланың шетіндегі Нұра-Есіл арығында болған.
1975 жылы туылған анасы және 2006, 2007 жылғы екі қызы кілем жуып жүріп абайсызда суға құлап, батып кеткен», – делінеді хабарламада.
Ведомствода мәлімденгендей, аталған орын кілем жууға арналмаған.
ТЖК мәліметінше, 9-15 шілде аралығында Қазақстандағы өзен-көлдерде 46 адам, оның ішінде 11 бала батып кеткен.
«Республика бойынша құтқарушылар 116 адамды құтқарылды. Оның ішінде 38 бала бар. Қайғылы жағдайдың негізгі себептері – өз күшін артық бағалау, қатты ағыс, аяқ—қолдың тартылып қалуы. Осындай 123 жағдай тіркелді. Оның 36-сы бала», – делінеді хабарламада.