Астанада анасынан айырылған сәбилердің жағдайы қалай? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада анасынан айырылған сәбилердің жағдайы қалай?

Астанада анасынан айырылған сәбилердің жағдайы қалай?

Екі сәби әлі ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр.

  • 8 Тамыз 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Биыл маусым-шілде айларында Астананың перзентханаларында төрт әйел қайтыс болды. Олардың сәбилерінің денсаулығы туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтып берді.

Оның айтуынша, 21 маусымда бірінші перинаталдық орталықта анасы қайтыс болған бала неврологиялық паталогиямен туған нәрестелерге арналған бөлімде жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр, дәрігерлер сәбидің денсаулығы оңалып келе жатқанын атап өтті.

25 маусымда елордалық бірінші перинаталдық орталықта анасынан айырылған екінші сәби мен 16 шілдеде екінші перзентханада дүниеге келіп, анасы қайтыс болған бала ауруханадан шығарылған. Олардың хәлін дәрігерлер қанағаттандырарлық деп бағалайды.

Бірінші перинаталдық орталықта 2 шілдеде дүниеге келген сәби әлі медициналық мекемеде жатыр. Оның 26 жастағы анасы көз жұмған еді.


"Жағдайы бір қалыпты, жуырда үйіне жібереді", — деп мәлімет берді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Әлия Рүстемова.

Рүстемованың айтуынша, Астанада төрт жас босанған әйелдің қайтыс болуына байланысты құрылған он адамнан тұратын республикалық комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Қорытындысы 20 тамызда хабарланады.

 

Соңғы жаңалықтар