Астанада Анкараның Мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Анкараның Мәдениет күндері өтеді

Астанада Анкараның Мәдениет күндері өтеді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Астана күнінің атап өтілуіне орайластырылған Анкараның Мәдениет күндері Астанада 24-27 маусым күндері өтеді.

  • 23 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz


«Бұл шара шеңберінде Түркия Республикасының өнер шеберлерінің гала-концертін, Астана мен Анкара кәсіпкерлерінің қатысуымен стол басындағы кездесуін өткізу, Астанада «Анкара» көшесін ашу көзделген», делінген әкімшіліктің сайтында берілген хабарламада.
Түркия делегациясы 130 адамнан болмақ, оған Анкара мэрі Мелих Гокчек жетекшілік етпек.
Анкараның Мәдениет күндері аясында М.Гокчектің Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі өтеді, онда екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды бағыттары қаралады.
Ақпаратқа қарағанда, Астана мен Анкара арасындағы сыртқы сауда айналымы 2011 жылдың қаңтар-наурызында21,2 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт 2 млн доллар, импорт — 19,2 млн доллар.
Екі қаланың мэрлері «Ататүрк» ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.
Сонымен қатар шаралар бағдарламасына орай түріктің Yunus Emre Foundation мәдени орталығының аумағында гүлбағы ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар