Жарияланды: 400

Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді

Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді

Астанада 24-27 маусымда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына және елорда күніне орай Анкараның мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа орталығы.

Шара аясында Анкара мэрі Мелих ГокчекАстана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, астаналардың екіжақты ынтымақтастығын ары қарай кеңейту мәселелерін талқылайды, делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта. Баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, «Yunus Emre Foundation» мәдениет орталығының аумағында саябақ ашып, ағаш отырғызу жоспарланған, сондай-ақ, Астанада «Анкара» атындағы көшенің ашылуы өтеді. 25 маусымда сағат 19-да «Қазақстан» концерт залында Анкараның Астанадағы Мәдениет күндерінің ресми ашылуы өтеді. Осы күні «Хан Шатыр» сауда-көңіл көтеру орталығында Анкара әртістері өнер көрсетеді. Екінші күннің бағдарламасында Астана әкімі И.Тасмағамбетов пен Анкара мэрі М.Гокчек «Ататүрік» ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Осы күні, 26 маусымда сағат 19-да «Қазақстан» спорт сарайында Түркия эстрадасы жұлдыздарының концерті беріледі. Анкараның Астанадағы Мәдениет күндеріне 130 адамнан құралған делегация - Түркия парламентінің өкілдері, әртістер, музыканттар, шығармашылық ұжымдар келеді, деп хабарлайды медиа орталық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін