Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді

Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді

Астанада Анкараның мәдениет күндері өтеді.

  • 24 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

24-27 маусым аралығында өтетін Түркия астанасы — Анкараның Астанадағы мәдениет күндері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылуда.

Іс-шара барысында Анкара мэрі Мелих Гокчек пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов кездесіп, екі мемлекет астаналарының өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылайтын болады.

Мәдени бағдарламалар шеңберінде «Yunus Emre Foundation» мәдени орталығының ауласын саябаққа айналдырып, онда көшеттер отырғызу жоспарлануда. Сондай-ақ, Астана қаласында «Анкара» көшесінің ашылуы көзделуде.

Астанадағы Анкараның мәдениет күндері салтанатты жағдайда 25 маусым күні «Қазақстан» Орталық концерт залында Түркия өнер ұжымдарының қатысуымен ашылмақ. Осы күні сондай-ақ, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде Анкара әртістерінің концерті жоспарлануда.

Екінші күннің бағдарламасын екі мемлекет астаналарының басшылары «Ататүрк» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғастырады. Осы күні кешқұрым, «Қазақстан» концерт залында қазақстандық өнерсүйер қауым үшін Түркияның эстрада жұлдыздары гала-концерт береді.

Анкараның мәдениет күндерін өткізуге елордаға 130 адамнан құралған делегация келмек. Олар — Түркия парламентінің өкілдері, әртістер, музыканттар және шығармашылық ұжымдар.

Соңғы жаңалықтар