Астанада "Антикибер" іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Антикибер" іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді

Астанада "Антикибер" іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 13 тамызда "Антикибер"шұғыл алдын алу іс-шарасының барысында 15 мың данадан астам контрафакт өнім тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

Шара ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыруға, контрафакт өнімдердің жеткізілу арнасын анықтауға бағытталды. Операция Астана қалалық әділет және кедендік бақылау департаменті қызметкерлерімен ықпалдастық негізінде жүргізілді.

«»Антикибер»шұғыл алдын алу іс-шарасының барысында ақпараттық технологиялар саласындағы 35 қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталып, 3 қылмыстық іс қозғалды. 15491 дана контрафакт өнім тәркіленіп, оперативтік қызметкерлер лицензиясыз өнімдердің 5 қоймасын анықтады», -деп хабарлайды ІІД.

Қаладағы базарларда аудиобейне өнімдерді сатумен айналысып жүрген шетел азаматтарының Қазақстан аумағына келу ережелерін бұзу оқиғалары анықталды.

Сонымен бірге, «Антикибер» шарасының барысында ІІД-нің криминалдық полициясы қызметкерлері «Бақылаудағы сауда» атты 3 шұғыл іздестіру шарасын жүргізіп, оның нәтижесінде ұялы телефондарға зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын клиптерді көшірумен және лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыздықтарды орнатумен шұғылданатын 3 адам ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар